Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бас мүфти Ғұламалар Кеңесінде «Пәтуалар жинағы» кітабының тұсауын кесті

30 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1150 рет

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің ХІ отырысында осы Кеңесте талқыланып, қабылданған «Пәтуалар жинағы» Бірінші кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бас мүфти кітапты баспаға әзірлеп, дайындаған Кеңес хатшысы PhD докторы Ершат Оңғаровқа, Ғұламалар Кеңесінің мүшелеріне алғысын білдірді.

Кітапта өткен жылы талқыланып, қабылданған 30 пәтуаның толық мәтіні қамтылған. Атап айтқанда, түсік жасатудың үкімі, этил спирті бар дәріні пайдалану, Исламдағы педофилдің үкімі, қыз алып қашудың үкімі, т.б.

muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз